Қаңтар оқиғасында қолды болған қару-жарақтар табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізілген.

Биыл шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді.

 Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр. Жалпы биыл жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.  41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді. Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.

#ҰҚК #қаңтароқиғасы #қаружарақ #оқдәрі

Related posts

Everything You Need To Know About Cambodia From Jungle Temples

ttjk

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады

editor

«Қайрат» футбол клубы әлемдік рейтингке енді