Ақтөбе облысында шетел азаматтары мінген автобус аударылып, бес адам көз жұмды

Ақтөбе облысындағы автожолда ішінде Өзбекстаннан келген 49 жолаушы отырған автобус төңкеріліп, соның салдарынан бес адам қаза тапты.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні таңғы 8:40-та «Самара–Шымкент» республикалық трассасының 1024-шақырымында болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына бағыт алған автобустың жүргізушісі Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылына таяу жерде көлікті басқара алмай, автобус аударылып қалған.

Көлік салондарында Пермь–Ташкент бағытымен жол жүріп келе жатқан Өзбекстанның 49 азаматы болған.

Апат салдарынан бес жолаушы оқиға орнында жан тәсілім еткен, ал 11 адам түрлі жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.

Фото: Ақтөбе облыстық ДП

Related posts

Үйдегі зорлық үнсіз қалмауға тиіс

editor

Halyk 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарды

ttjk

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады.