АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел тірі табылды

1962 жылдың 7 шілдесінде 20 жастағы Одри Бакеберг Ридсбург қаласындағы үйінен із-түзсіз жоғалып кеткен. Жоғалғанына 63 жыл өткен соң, оның қазіргі уақытта басқа штатта өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Висконсин штатының полициясы хабарлағандай, Одри өз еркімен үйінен кетіп, ешқандай қылмыс немесе заңға қайшы әрекеттердің құрбаны болмаған. Жылдар бойы оның жоғалуына қатысты түрлі болжамдар айтылғанымен, тергеу нәтижесіз аяқталып, іс жабылған болатын. Алайда шериф кеңсесі ескі істерді қайта қарап жатқанда, Одридің әпкесінің генеалогиялық сайттағы профилін байқап қалады. Осы жайт істің қайта жандануына түрткі болды. Шерифтің айтуынша, бұл деректен кейін олар Одри Бакебергпен байланысқа шыққан. 45 минутқа созылған телефон әңгімесінде Одри өткен өмірін артта қалдырып, жаңа өмір бастағанын және өз шешіміне толық сенімді екенін айтқан. Ол қазір өзін бақытты сезінетінін де жеткізді. Осылайша, 63 жыл бойы іздеуде болған Одри Бакебергаман-есен табылып, жаңа өмірін бастау үшін Висконсиннен кету туралы шешім қабылдағанын мойындады.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Аскапова Сезім

Related posts

Столица Турции, Анкара, таит в себе множество скрытых сокровищ

ttjk

18 мая, Международный день музеев. Пришло время открыть для себя богатое культурное наследие Турции

ttjk

Деметрио Колачидің шеберлік сабағы өтті

editor