АҚШ үкіметі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі АҚШ-тың шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатының қатаңдауына байланысты мәлімдеме жасап отыр.

Дипломатиялық өкілдік осыған байланысты АҚШ аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын америкалық билік органдарының өзекті талаптарын сақтауға шақырды.

«Құрметті АҚШ аумағында жүрген Қазақстан Республикасы азаматтары! Америкалық билік қабылдаған шаралар елге заңсыз келген шетелдіктерге (қолданыстағы визасыз немесе грин-картасыз келген адамдар) және АҚШ аумағында заңсыз жүрген мигранттарға қатысты. Құқықтық шаралармен қатар (қамауға алу, елден шығару және АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер қою сияқты), әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа рұқсат құжаттары және басқа да жеңілдіктердің күші жойылатын болады», делінген хабарламада.

Елшіліктің баспасөз қызметі америкалық билік қабылдаған шаралар елде заңсыз жүрген шетел азаматтарына, оның ішінде қолданыстағы визасыз немесе грин-картасыз келген адамдарға қатысты екенін мәлімдеген.»Біз АҚШ билігінің елде болуға заңды негіздері жоқ (қолданыстағы визаның, тұрақты тұруға рұқсаттың (грин-карта) және басқа да құжаттардың болмауы) шетел азаматтарына АҚШ аумағын ерікті түрде тастап шығу мүмкіндігін беретінін еске саламыз. Бұл шара азаматтарға елден мәжбүрлі түрде шығару және АҚШ визасына қайта өтініш берген кезде елге кіруге тыйым салу рәсімінен аулақ болуға мүмкіндік береді», деп нақтылады елшілік.

Сондай-ақ АҚШ үкіметі енгізіп отырған басқа да өзгерістер қатарында Мексикада қалыңыздар» саясаты қайта қалпына келтірілді – АҚШ-Мексика шекарасын кесіп өткен және АҚШ-тан баспана сұраған мигранттар америкалық көші-қон соттары олардың істерін қарағанға дейін Мексика аумағында қалуға міндетті болмақ. Ал «ұстады-босатты» (catch and release) схемасы тоқтатылды – бұл АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өткен мигранттарды ұстағаннан кейін, сот ісі қаралғанға дейін ел ішінде босату тәжірибесінің тоқтатылғанын білдіреді. Енді бұл санаттағы мигранттар арнайы орталықтарда ұсталады, шығу елдеріне қайтарылады немесе үшінші елдерге жіберіледі (мысалы, «Мексикада қалыңыздар» бағдарламасы аясында). Үшіншіден, CBP One қосымшасын пайдалану тоқтатылды – шетел азаматтарын шартты түрде мерзімінен бұрын босату (parole) немесе олардың АҚШ-қа кіруін жеңілдету әдісі ретінде пайдалануға тыйым салынды. Бұл қосымша арқылы кіруге тыйым салынған шетелдіктер бұдан былай елге кіре алмайды.

Related posts

«Баршаға мүмкіндік: Астанада мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі

Назия Жоямергенқызы

Елордада есірткі қолданатын 971 адам тіркелген

editor

Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді

Назия Жоямергенқызы