Әуезов ауданының бюджеті 2024 жылғы маусымда 25%-ға ұлғайтылды

Қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде ауданның экономикалық көрсеткіштері туралы айтып берді.

Кездесуді ашқан қала басшысы тарихи тығыз қоныстанған Әуезов ауданында бизнес-ортаның белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%- ға өсіп, 37,4 млрд теңгеге жетті. Салық төлемдері 137 млрд теңгеге жетті, яғни 39%. Тек жарты жылдың ішінде 3 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл аудан бюджеті 10 млрд теңгеге, ал 2023 жылы 26 млрд теңгеге ұлғайған еді. 2024 жылғы маусымда бюджет тағы 25%-ға ұлғайып, 45 млрд теңгені құрады.

«Бюджет қаражаты инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді жайластыру жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталады», — деді Алматы әкімі.

Related posts

БАКЛАВА — ТҮРІК ДАСТАРҚАНЫНЫҢ СӘНІ

ttjk

Ассос: жемчужина северного Эгейского моря Турции

editor

САМБҰЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТУРИЗМІ КӨРМЕСІ

ttjk