Информатика пәнін қалай қызықты өткіземіз?

Білім саласына қатысты оң өзгерістер еліміздегі оқу-ағарту саласы үшін пайдалы һәм шәкірттеріміздің деңгейін өсіруде үлес қоспақ. Әсіресе, оқушылар информатика пәнінде соңғы технологиялармен жұмыстанатындықтан, шәкірттердің назарын өзінде ұстай алатын платформалардың болуы маңызды. Мен сабақ барысында TOPIQ платформасын қолданамын. TOPIQ тек мұғалімдер үшін ғана емес, оқушыларға цифрлық оқулықтар жинақталған платформа. Цифрлық білім беру ресурстары білім беру ұйымдарындағы мұғалімдер үшін материалдар мен ақпараттар жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Платформаның тиімді тұстары көп. Кез келген оқу жылына арналған материалдардың қолжетімділігі, электронды журнал арқылы шәкірттерді тез әрі оңай бағалау және оқу процесін қызықты әрі пайдалы өткізуде ерекше рөл атқарады. Әрі платформадағы дизайнның тартымдылығы оқушылардың назарын оңай ұстайды. Қос тілде қызмет ететін платформа кез келген шәкірттің серігіне айналары анық. Жаңа тақырыптарды түсіндіру барысында көрсетілетін бейнероликтер мен анимациялық көрнекіліктер оқушылар білімінің жаңа деңгейіне жол ашады.
Платформаны қолдану арқылы оқушылар деңгейі қаншалықты өсті?
Платформаны сабақ барысында пайдалану арқылы информатика пәні бойынша тоқсандық білім мониторингісі I тоқсанда 72%, II тоқсанда 82%,III тоқсанда 89% білім сапасы деңгейінің көтерілгенін көрсетті. Шәкірттерімнің пәнге деген қызығушылығы мен ұмтылысының артуы әр ұстазды қуантары анық.
TOPIQ әлемдегі білім беру платформаларымен тіреседі
Жапондар білім жинау адамның өмір бойы айналысатын ісі деп есептейді. Смартфоннан қолдануға тиімді платформа оқушының мектепте ғана емес, үйде де көмекші құралы бола алады. Әлемдегі білім беру жүйесі озық капиталистік елдер тәжірибелерінде онлайн білім беру бағдарламаларын жиі қолданады. Білім алудың мезгілі мен арнайы жасы жоқ, бірақ түрлі жолы бар. Сол жолда TOPIQ таңдауыңыз болғай!

Гүлнар Сембаевна,
БҚО, Жаңақала ауданы,
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің
информатика пәні мұғалімі

Related posts

АЛМАТЫДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ

ttjk

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk

Түркия Университеттерінде мүмкіндік көп

editor