ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

18 қазан — ӘЗірбайжанның Тәуелсіздік күні

Көбесі сөгілген КСРО бірнеше жас мемелкттің іргетасы қалануына сеп болды. Кеңестік империя құрамынддағы «он бес одақтас республиканың» арасында түркі елдері де бар еді. Бүгін, яғни, 18 қазан — әзірбайжан бауырлардың Тәуелсіздік күні!

1991 жылдың 30 тамызында Әзірбайжандағы Жоғары Кеңестің кезектен тыс сессиясында Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларациясы қабылданды. Ал 1991 жылдың 18 қазаны күні Әзірбайжан «Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Конституциялық акт бірауыздан бекітілді.

Осы жылдың 29 желтоқсанында жалпыхалықтық дауыс беру процесі болды. Референдумдағы бюллетеньде «Сіз «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық актісін қолдайсыз ба?» деген сұрақ болған.

Әзірбайжан халқы бұл сауалға бірауыздан «ИӘ» деп жауап берді.

1992 жылдың мамырында әзірбайжандардың Ұлттық Мәжілісі (Парламент) Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бекітті. Сәл кейінірек Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасы қабылданды.

1991 жылдан бастап 18 қазан Әзірбайжанның Тәуелсіздік күні ретінде аталып өтеді.

Біз түбірі мен тарихы, діні мен ділі, тамыры мен тағдыры бір әзірбайжан бауырларымызды кез келген ұлт үшін ұлық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

«Түркітілдес журналистер қоры»

Related posts

HALYK BANK 3 МЛН ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК БЕРЕДІ

ttjk

Қазақ журналистеріне үлкен мүмкіндік ашылмақ

ttjk

II СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САММИТІ — БҰРСА

ttjk