Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады

 

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылды. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік халықты қорғау деңгейіне, экономикалық нысандар мен қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы саналатынын айтты. Президент ерте құлақтандыратын озық жүйе енгізуге және сейсмологтардың біліктілігін арттыруға қатысты бірнеше мәселеге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми орталыққа жер сілкіністерін болжаудың ғылыми әдістерін қолдану және енгізу жөнінде маңызды міндет жүктелетінін айтты.

Мемлекет басшысы орталықтың жұмысында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті.

Related posts

The culinary scenes of İzmir and Bodrum make a brilliant entry in the 2024 MICHELIN Guide İstanbul, İzmir, Bodrum

Назия Жоямергенқызы

Турция выбрана «Любимым направлением» для гламурных свадеб

ttjk

Еврокомиссия поможет Казахстану в совершенствования нормативной базы по водороду

Назия Жоямергенқызы