КӘКІМЖАНОВ ҰСЫНЫС АЙТТЫ

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың «Мен жауап беремін» бағдарламасын халық қызу қолдап жатыр. Солардың бірі отандық өндіруші, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалардың бірі — Зейнолла Кәкімжанов. Әлеуметтік желі арқылы Марғұлан мырзаға алғысын білдірген Зейнолла Кәкімжанов Қазақстандағы мал шаруашылығын қалпына келтіру, қайта жаңғырту және дамытуды ұсынды.

Кәкімжанов

«Осыдан он жыл бұрын әкемнің кіндік қаны тамған жер – Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Жарма ауданы (бұрынғы Шар ауданы) Шалабай ауылынан хат алдым. КСРО кезінде Шалабайдағы малды асыл тұқымдардыратын зауыттың атағы жер жаратын. Қазақтардың мақтанышына айналған «Ақбас» аталатын тұқымды дәл осы жерде өсірді. КСРО күйрегеннен кейін бірде бір мал не техника, бірде бір мал қорасы қалмады. Бәрін пайға үлестіріп, сатып, талан-таражға салған. Ауыл да күйреді. Жалақы жоқ, тамақ пен киім жоқ болғасын, ауыл тұрғындары да жан-жаққа безіп кетті» деп жазған Зейнолла Кәкімжанов қиын-қыстау кезеңдердегі қазақ ауылдарының жайын суреттейді.

сиырларКәкімжанов сурет

Бұрын малды асыл тұқымдандыратын зауыттың жері менің он төрт атамның жайлауы мен қыстауы болатын. Сондықтан маған хат жазған ауылдастардың өтінішін жерге тастай алмадым. Ата-бабаларымның үні, Туған жер алдындағы борышым мен ол кезде әлі көзі тірі болған анамның ақылымен күйреп қалған зауытты қайта қалпына келтіруге кірістім.

жылқықұлын

Арада он жыл өткенде біз зауытты қайтадан аяғынан тік тұрғыздық. Ауылдастарым жаңа жоба мен оның жаңа басшысы Қуаныш Сүлейменовпен бірге жұмыла жұдырық болды. Қуаныш Сүлейменов бір кездері ауылдастар атынан маған хат жазған ауыл мектебіндегі директор болатын. Ол жастарға қанат бітіріп, Жерді жақсы көруге тарта білді. Қазір атқарған шаруаларымызға көңілім толады. Бір кездері атақты болған зауыт қайта іске қосылды және ауыл-аймаққа беделді».

қойлар

Осылайша ағынан жарылған Зейнолла Кәкімжанов мал шаруашылығына қатысты түйткілді айтты: «Басты қиындық – елдегі ет өнімдері нарығының жүйесіздігі. Мен аргентиналық кеңесші-мамандармен жұмыс істеймін. Олардың пікірінше, біздің жерде жайлатын малдың еті жоғары категориялық өнімге жатады. Өйткені шөбі шүйгін жерде өскен малдың еті табиғи, құрамында ағзаға зиянды нәрселер жоқ. Жайылымдық жерлер азайғандықтан мұндай табиғи өнім бүкіл әлемде азайған. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін осындай табиғи өнім базардағы бағадан төмен сатылады. Ал базарларда көрші елдердің мұзға қатырылған, мерзімі өткен, ескі зиянды еттері сатылып жатыр».

мал қора

Отандық мал шаруашылығын мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс айтқан кәсіпкер облыстағы Ет өнімдерін өндірушілердің ассоциациясын құрыпты. Басты мақсат – «сапалы ет дегеніміз не және оның бағасы қанша тұруы тиіс? деген мәселені халыққа ұғындыру. Сонымен қатар «Мен жауап беремін» жобасы шеңберінде ет нарығындағы ахуалды түзеуге ықпал ету.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі кездесу Ұйым жұмысына тың серпін беруге тиіс

editor

ПОВЫШЕНИЕ СТОИМОСТИ ТАРИФА

Назия Жоямергенқызы

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС — ҚОҒАМДЫҚ КҮШ

ttjk