«Баршаға мүмкіндік: Астанада мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі

Астанада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнес ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.

Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және тілек білдірушілер үшін қолжетімді.
Жобаға барлығы қатыса алады.

«JOLTAP» жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу және жол көрсету.

Консультациялар күн сайын «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

«Ailand», Қорғалжын тас жолы, 2;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
«Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО, Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Asia Park» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а.

Related posts

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

editor

Watch the sunrise amid monumental sculptures on Mount Nemrut

ttjk

Абай облысындағы «Дарабоз» жазғы лагерінде 720 бала демалады

Назия Жоямергенқызы