ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ ГРЭППЛИНГ ШЕБЕРЛЕРІ 3 ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында грэпплингтен үздік спортшылар анықталды.

Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Астаналық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Айтулы додада ақтық белдесуге дейін ел намысын қорғаған Астаналық спортшы Нұрбек Талбудин (84 кг) өзбекстандық Ұлықбек Рахмоновқа есе жіберіп, күміспен күптелді.

«Мен үшін қиын қарсыластың бірі. Алдында Ташкенттегі турнирде де есем кеткен. Соған қарамастан бүгін өте тартысты жекпе-жекте болды. Бір ғана қателік алтынның тағдырын шешіп кетті. Биылғы халықаралық жарыстар біз үшін аяқталды. Алда ел чемпионаты қалды. Сонда өз салмағым 71 кг сынға түсемін деді Нұрбек марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында грэпплингтен елордалық бұрымды аруларымызда үздік үштіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, қос жерлесіміз Фариза Құлынтай америкалық (64 кг), ал Шынар Өзбекова италиялық (71 кг) қарсыластарынан басым түсіп, қола медаль еншіледі.

Қазір Қазақстан құрамасының жалпы есепте 2 алтын, 4 күміс және 8 қола медальмен 8-орында тұр. Көш басында 10 чемпионы бар Украина. Жалпы Ар-Риядқа келген 80 мемлекеттің 65-і жүлдеге қол жеткізді.

Related posts

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА — «САМҒАУ» БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ

ttjk

Сотпен бас дәрігерлікке келді

editor

Enjoy the beautiful islands of Türkiye in the North Aegean

Назия Жоямергенқызы