САТЫ — ҮЗДІК ТУРИСТІК АУЫЛ

UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы қазақстандық Саты ауылын “үздік туристік ауыл” деп таныды. Бас  ассамблеяның Best tourism Villages by UNWTO 2023 салтанатты іс-шарасы көршілес Самарқандта өтті. Биыл бұл байқауға 260-қа жуық өтінім түсіп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі 54 ауыл таңдалған. Тағы 20 -сы «Жаңарту» бағдарламасына еніп, барлығы 74 елдімекен ең үздік туристік ауыл санатына енген.

2021 жылы іске қосылған UNWTO — ның «Үздік туристік ауылдар» бағдарламасы ауылдық аумақтардың дамуы мен әл-ауқатының қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған. Мәдени құндылықтар мен аспаздық дәстүрлерді сақтауда ең үздік туристік ауылдарды анықтайды.

Саты ауылы — еліміздегі табиғаты ең тамаша өңірдің бірі. Мұнда әйгілі Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі орналасқан. Сондай-ақ Сатының іші, Талды, Құдырғы, Өрікті, Далашық сынды туристер үшін әлі ашыла қоймаған жерлер бар. Биыл Саты ауылының инфрақұрылымы жақсарып, демалыс аймақтары көбейген

2020 жылы Саты ауылы Lonely Planet халықаралық агенттігінің нұсқасы бойынша жергілікті қауымдастықтарға негізделген туризмнің ең жақсы бағыты ретінде танылып марапатқа ие болған.  

Камила Нұрахмет, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 2 — курс студенті.
Сурет: www.24.kz

Related posts

«IITU Robocon Games» чемпионаты

«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілері табиғатты аялайды

ttjk

Алматы тасымалдаушылары қоғамдық көлікте қолма-қол төлемді алып тастауды сұрайды

Назия Жоямергенқызы