«МЕН ЖАУАП БЕРЕМІН»

Елімізге танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембав отандық өндірушілерді қолдайтын «Мен жауап беремін» жобасын ұсынып отыр.

Маргулан
Кез келген елдің экономикасы шикізатқа және импортқа тәуелді болмаса ғана тұрақты әрі жүйелі дамиды. Ол үшін өндіріс орындарын барынша көбейтіп, ішкі нарықтағы тұтынушылық сұранысты отандық өнімдермен қамтамасыз ету керек. Әсіресе, шикізаттан дайын өнімге дейін өндіруге мүмкіндік беретін кластерлік жүйені дамыту аса маңызды. Әлбетте, бұл мәселелердің барлығы да мемлекет тарапынан қолдауға ие. Түрлі бағдарламалар бар, жыл сайын мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қыруар қаражат бөлінеді. Өкінішке қарай, шыққан нәтиже шамалы. Күні кешегі теңгенің құнсыздануы, анығы, еркін айналымға жіберуі ішкі нарықтағы ахуалды шиеленістіре түсті. Дүкендер мен базарлар сөрелеріндегі баға мың құбылды. Өйткені Қазақстан импортқа тәуелді. Соны шеер пайдалана білетін алыпсатарлар қарапайым халықтың есебінен пайда табуға ұмтылды. Орталық және жергілікті атқарушы билік «баға өспейді, инфляцияны ауыздықтаймыз» деп мәлімдегенмен, базардағы құн ешкімге бағынар емес. Жуырда Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелікке қабылдануы туралы хаттамадан кейін отандық кәсіпкерлер ұзақмерзімдік жобалар мен жоспарларға үміт артып отыр. Ал белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев сияқты азаматтарымыз өз еріктерімен отандық өнімді қолдау туралы шешімге келді. Марғұлан мырза әлеуметтік желілердегі парақшасына: «Отандық тауар өндірушілерді қолду саясатының шеңберінде, сондай-ақ, экономикалық ахуалдың шиеленісуі мен Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуына байланысты еріктілердің «Мен жауап беремін» бағдарламасын жариялаймыз», –деп мәлімдеді.

1498b788c4af185c8066900c2146f120_XL
Бағдарламаның мақсаты қандай?
Кәсіпкердің айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты – «Біріншіден, отандық кәсіпкерерге арналған әртүрлі рейтингтер мен марапаттаулар, сыйлықтар мен сыйақылар бар. Бірақ қойылатын шарттар мен басты қағидалар түсініксіз, тізімде кездейсоқ компаниялар жүреді, қазылар алқасының коммерциялық мүддесі бар. Екіншіден, тұтынушылар аталған марапаттар мен сыйлықтарға сенбейді. Тіпті, «Халал» брендінің өзі стандарттарға сәйкес емес, өндірушілер қара басының пайдасын көздейді. Яғни, ешкім өзінің беделі мен абыройын ойламайды. Оның да бірнеше себебі бар. Үшіншіден, әлеуметтік желілердегі аудитория ауқымының кеңеюі сол әлеуметтік желілердегі «ұзынқұлақтың» маңызын арттыруда. Адамдар түрлі фирмалардың өнімдеріне жарнама жасау арқылы пайда табуда. Мен бәрін де басқаша жасауға шешім қабылдадым. Маған жарнама мен өнімді насихаттаудан түсетін ақша керек емес. Мен қазақстандық тауар өндірушілерді қолдап, тұтынушылардың сапалы өнімді таңдауына көмектескім келеді. Сіздер маған айтыңыздар немесе өзім табамын», – деп мәлімдеген Марғұлан Сейсембаев отандық кәсіпкерлерге қойылатын басты қағидаларды жеткізді: біріншіден, тауардың сапасы. Екіншіден, тауар сапасының тұрақтылығы. Үшіншіден, өнімге қолданылатын шикізат пен ингредиенттерінің сапасы. Төртіншіден, өндірістік процестердің сапасы мен жүйеге түсірілуі. Бесіншіден, қаржылық қауқары. Егер өндірісті несиеге жүргізсе, ондай тауар өндіруші алысқа бармайды. Алтыншыдан, жекеменшік иесінің сапаны қолдауды тікелей өз міндетіне алуы. Жетіншіден, өнімнің экологиялық тұрғыда тазалығы.

Әлбетте, отандық өнім өндірушілерді қолдауға құлшынған кәсіпкерің өзі де жауапкершіліктен қашпайды: «Менің міндетім: өнімдерді өзім тексеремін. «Мен жауап беремін» деген төсбелгіден үміткер кәсіпорын қойылатын талаптарға түгел сәйкес келсе ғана мен барлық жерде кәсіпорын туралы айтуға және тұтынушылармен бірге банктер, мемлекеттік органдарға өнімді пайдалануға кеңес беріп, тіпті, шенеуніктердің заңсыз шабуылдарынан қолымнан келгенше қорғауға дайынмын. Жұртшылықты менің бастамамды қолдауға және «Мен жауап беремін» марапатына лайық үміткерлерді табуға көмектесуге шақырамын. Бұл істе жұмыла жұдырық болайық!». Марғұлан Сейсенбаевтың айтуынша, жекеменшік кәсіпорындар иелерінің қаржылық ақпаратын құпия сақтау қатаң қадағаланады: «Оған мен кепілдік беремін. Бізге тек жағдайларыңыз келмейтін сомада несие алмағандарыңызды білу маңызды. Барлық беделді азаматтарға айтарым, бізге қосылыңыздар. «Мен жауап беремін» бағдарламасына қосылуға кез келген өндіруші құқылы. Ең бастысы, кеңес берген тауар өндіруші үшін жауапкершілікті өз мойындарыңызға аласыздар. Ал мен болашағынан үміт күттіретін кәсіпорындарға инвестиция жағынан көмектесем. Егер қаржылық көмек қажет болса».
Марғұлан Сейсембаевтың отандық өнімді қолдауға қатысты бастамасыз отандық БАҚ өкілдері іліп әкетті. Олар аталған жобаны насихаттауға және ақпараттық тұрғыда қолдауға дайын. Өз кезегімізде біз де «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ атынан қолдайтынымзды айттық. Қоғам үшін аса пайдалы игі бастамалар азаматтар мен мемлекет тарапынан қолдау тапса ғана нәтижелі болмақ.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«АРЫСТАН» НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ttjk

Özbekistan 17 yıl sonra tekrar Türk Konseyi Zirvesinde

ttjk

“ЖАС ҚАНАТ”-2024 БАЙҚАУЫ

ttjk