ТҮРКІГЕ ОРТАҚ ТЕЛЕАРНА

Түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна құрылады.

Түркі Кеңесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, исі түркі журналистері Астанада бас қосты. Түркі мемлекеттеріне ортақ Халықаралық түркі телеарнасын құруға қатысты мәселе көтерілген бұл келелі кеңесті Түркі Кеңесі Хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы жүргізді.

turkic kouncil

Түркі Кеңесі Үйлестіру тобының төртінші басқосуы бүгін Астанада болатын түркі елдері ақпарат және баспасөз министрлері мен жоғары кеңес өкілдерінің алғашқы жиналысынан бұрын өткізілді. Аталған шарада халықаралық телеарналар мен мемлекеттік ақпарат агенттіктер қызметкерлері ортақ телеарнаның шарттары мен қызметі туралы ой бөлісті.

Былтыр Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің IV саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі ақпараттық кеңістігін қалыптастыру және түркі елдеріне ортақ телеарна құру туралы бастама көтерген болатын. Үстіміздегі жылдың басында Түркі Кеңесінің ұйымдастыруымен Анкарада ортақ телеарна құруға байланысты отырыс өтті. Астанадағы БАҚ өкілдерінің басқосуы сол жиналыстың жалғасы.

 Түркі елдері министрлерінің бүгінгі кеңесінде түркітілдес мемлекеттердегі ақпарат агенттіктері арасында Өзара түсіністік туралы Меморандум жобасы, Түркі Кеңесі Халықаралық телеарналар арасындағы ынтымақтастық хаттамасы және Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер арасында ақпарат және баспасөз алаңында іс бірлігі деклорациясы талқыға салынады.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ — ЖЕҢІЛДІКПЕН 1 МИЛЛИРД ТЕҢГЕ НЕСИЕ

ttjk

Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері вакцинация туралы айтты

Назия Жоямергенқызы

ХАЛЫҚ БАНКІНЕН — «ҮМІТ КУБОГЫ»

ttjk