ӨЗБЕКСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ

Ташкент қаласында Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары Рахимжон Хакимов пен М.Нәрікбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік заң университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар Университет пен Өзбекстанның заң университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми-инновациялық қызмет саласындағыынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары қарастырылды.

«Егер ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, ғылыми-инновациялық қызметтегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жалғасып келе жатқан серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет етер еді», – деді Р.Хакимов.

Келіссөздер барысында М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің қатысуымен Өзбекстанда жаңа жоғары оқу орнын құру мәселесіқаралды. Тараптар бұл бағытты жүзеге асырумүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға келісті.

«Біз өз тарапымыздан кез келген қолдаудыкөрсетуге дайынбыз. КАЗГЮУ университетіндеауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асыруүшін ресурстар мен тәжірибе жеткілікті», – деді Т.Нәрікбаев.

Өзбекстан академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы білім сапасынарттыру мақсатында еліміздің жетекші университеттерін біріктіретін қазақстандық«Академиялық адалдық лигасын» құру тәжірибесінжоғары бағалады. Жақын арада Өзбекстан қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының өкілдеріне осы ұйымға мүшелікке өтудің артықшылықтарын анықтайтын тренинг ұйымдастыру жоспарланып жатыр.

Анықтама үшін: М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік заң университеті – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша үздік қазақстандық жоғары оқу орны. Бұл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылатын жалғыз ресми рейтинг.

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің баспасөз қызметі

Related posts

БИРГИ ВХОДИТ В СПИСОК ОРГАНИЗАЦИИ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ «ЛУЧШИЕ ТУРИСТИЧЕСКИЕ ДЕРЕВНИ НА 2022 ГОД»

ttjk

Тіл, ерін, көмей ісігі, психиканың бұзылуы: дәрігер насыбайдың зияны туралы айтты

ttjk

Программа безопасного туризма в Турции стала безопаснее с Программой по вакцинации работников туристического сектора

ttjk