Halyk Bank — Қазақстан Олимпиада құрамасына демеуші

Halyk Bank Қазақстан Олимпиада құрамасының спортшылары мен жаттықтырушыларына 40 миллион теңгеден астам демеушілік көмек көрсетті

Токиоға аттанған Қазақстан құрамасының ресми серіктесі Halyk Bank қазақстандық құрамаға кірген әрбір спортшы мен оның жаттықтырушысына демеушілік көмек көрсетті. Қаражат әлемдік спорттық іс-шараға шығарған бірегей олимпиадалық дизайны бар Halyk Bank-тің Visa картасына аударылды.

«Біздің спортшылар Токио Олимпиадасына қатысу үшін Жапония астанасына келді. Әлем тарихында тұңғыш рет Олимпиада көрерменсіз өтеді. Биыл біздің спортшылар үшін әрқайсымыздың және бүкіл еліміздің қолдауы өте маңызды. Баршамыз спортшылар ойыны мен өнерін мұқият қадағалап, оларды қолдап, әрқайсысы үшін жанкүйер боламыз. Біздің құраманың жеңіске жететініне сенімдімін. Спортшыларымызда бәрі бар — ең үздік дайындық, керемет форма және жеңіске деген берік ұмтылыс. Бүгін Halyk Bank және барлық қазақстандықтар ел құрамасымен бірге. Біз шын жүректен жеңіс, тамаша нәтижелер тілейміз. Спортшыларымызға сенеміз және елге медальдармен оралуды асыға күтеміз», — деп ҰОК халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті, Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

Қазақстанның олимпиадалық делегациясының барлық мүшелеріне, оның ішінде спортшылар мен жаттықтырушыларға қызмет көрсетудің ерекше мүмкіндігі бар карта берілді.

«Кез келген спортшының мансабындағы маңызды старттар қарсаңында отандастарымыздың қолдауын сезіну өте маңызды. Және де біз қолдауды расында сезіндік. Барлық қазақстандықтардың тілеген тілегі, батасы және спортшыларға білдірген сенімі үшін ағыс айтамыз. Токиоға баратын жолға дейінгі жүріп өткен жолымыз қаншалықты «ұзақ, қиын» болғанымен ҰОК бізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті – кешендік-ғылыми топтар, сапалы жаттығумен айналысуға арналған жағдай, қиын уақытта шетелдік сапарлар мен бірлескен жиындар ұйымдастырды. Жаттықтырушылар штабының атынан, олимпиадалық команданың атлеттері атынан Halyk Bank-тің қаржылай көмегі үшін алғыс білдіреміз. Енді біздің негізгі міндетіміз – Жапониядағы жарысқа бар күшімізді салу», — деп бокстан ұлттық команданың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, арнайы Олимпиадалық дизайны бар карталарға қызмет көрсету тегін. Шетелде, Halyk Bank желісінде, еліміз бойынша кез келген қазақстандық банктер банкоматы желісінде қолма-қол ақша алу тегін, яғни комиссиясыз. Бұдан басқа, Halyk Bank және басқа қазақстандық банктердің POS/Epay терминалдары арқылы «Спорт дүкендерінде» арнайы берілген картамен төлеу кезінде, сондай-ақ шетелде транзакция жасау кезінде бір жылдың ішінде 1% мөлшерінде науқандық бонус есептеледі.

Halyk Bank Олимпиада және Паралимпиада ойындары үшін олимпиадалық дизайны бар картаны шығаруды дәстүрге айналдырды. Бұл банктің қазақстандықтар арасында спорттық рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттаудағы ұмтылысын білдіреді.

Halyk Bank көптеген жылдар бойы Қазақстандағы спорттық және дене шынықтыру қозғалысын белсенді қолдайды, Токио қаласындағы (Жапония) XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы — отандық құрама командасының ресми серіктесі. Команда 23 шілдеде XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін Күншығыс еліне аттанды.

Related posts

МЕНІҢ АНАМ

Назия Жоямергенқызы

Rami Library, the Largest in İstanbul, Opened

ttjk

Отбасы мүшелерін тұрақты тіркеуге арналған қызмет

ttjk