Бекшин: Шет елдерге шығуды тоқтата тұру керек

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Үкімет елге шекара сыртынан келетін шет ел азаматтарымен бірге Қазақстан азаматтарына да арнайы тест тапсыруды міндеттеді. 8 қазанда ауру жұқтырған 33 адамды ұшақтан түсірген. Ал қолдарында анықтамасы жоқ 5 мыңнан астам адамды тексеруден өткізіп, ауырмайтындарын ғана үйлеріне жіберген.

Алматының Бас санитары Жандарбек Бекшин отандастарды шет елдерге шығудан уақытша бас тартуды өтінді: «Әлемде жағдайдың ушығып кеткенін көріп отырсыздар. Біздің елде де демалуға лайықты керемет жерлер бар». Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Шарм-әл-Шейх (Египет), Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен көп жұқтырып келіп жатыр. Сол себепті Бас санитар аталған үш аймаққа бармау керектігін ескертті.

 

Related posts

Әуекомпаниялары мереке күндері қосымша рейстер ашады

editor

Барлық банк үшін бірыңғай QR-код іске қосылмақ

editor

Ердоған мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Назия Жоямергенқызы