Қазақстандағы «Қазақстандамыз»

Бірнеше күн бұрын маған «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы хабарласып, блог-тур болайын деп жатқанын хабарлаған болатын. Ал ол блогтур сона-а-а-у алыс сапарға емес, тура мұрнымыздың астындағы «Қазақстан» қонақ үйіне екен. Алматыда жанынан күнде өтетін бұл қонақ үйге кіріп көргісі келгендер қаншама. Бірақ оған келгендер саны санаулы ғана ғой. Мен де осы себептен бірден келісе кеттім.

Республикалық дәрежедегі, 4 жұлдызды «Қазақстан» қонақүйі Алматы қаласының тура ортасында орналасса да, мен ол жерге 25-30 минут кешігіп жеттім соның арқасында (кесірінен) біраз жерді аралай алмай, әріптестеріме орта жолдан ғана қосылдым.

Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызӘріптестерімде қонақүй басшылары (менеджерлері) Шенол мырза мен көмекшісі Шейхмус мырза жылы қарсы алып, қонақүйдің тариxынан бастап қазіргі таңдағы жаңалықтарына дейін бөлісіп жүр екен. Өздері кішіпейіл, және ақжарқын екен. Сөз арасында бұл дәрежеге ыдыс жуушыдан бастап көтерілгенін айтып қалды. Сондықтан да болар. Бәрін бүге-шігесіне дейін біледі екен. Адамдармен де тез тіл табысқаш.

Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызОлардың айтуы бойынша қонақүй ғимаратында 150 офис, 360 бөлме бар. Осындай көп бөлме болуының өзі басқа қонақүйлерден артықшылығымыз дейді, қонақүйдің Бас директоры Шенол мырза. Себебі басқа қаладан не мемлекеттерден келген қонақтар 2-3 қонақүйлерге бөлінбей, «Қазақстан» қонақүйіне келсе болады. Басқа бәсекелестеріне қарағанда осы көп бөлмелі болғаны да кеде ұтымды болады екен. Өйткені келген жүздеген адам бір жерде жатып-тұруға, шашырап кетпеуге өте қолайлы.

Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызБүгінгі күні қонақ үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен қонақтарға кедергі келтірмес үшін 10 бөлмені жөндеуден өткізіп, оларды аяқтай сала келесі 10 бөлмеге көшіп жатыр. Бұл өз кезегінде клиент базасынан айырылып қалмауға алып келеді.

Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы Қазақстандамыз26-қабатқа шығарып, бізді жан-жағымызға қаратты. Керемет көрініс. Күшті сезім.

Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызБлог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызБлог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы ҚазақстандамызАл біздің бұл қонақ үйіміз төмендегі құжатқа сенсек, қала әкімдігінің қорғауына алынған екен.
Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы Қазақстандамыз
Бұл тізімде біздің объектіміз 63-орынға жайғасыпты.Блог - Daniyar_Zhanys: Қазақстандағы Қазақстандамыз

Өкінішке орай көп сурет сала алмадым. Өйткені кешігіп келуім оған мүмкіндік бермеді. Бұл жолғы кешігісім келесі жолы дәл уақытында баруға итермелеп жатыр.

Данияр Жаныс

Related posts

ЕСКІШАҺАРДАҒЫ ТҮРКІ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ

Назия Жоямергенқызы

«Сұлтан» кафесі

ttjk

МАКЕДОНИЯ, ҮСКҮП (ÜSKÜP HAKKINDA FOTOGALERI)

Назия Жоямергенқызы