ҚАРИЯ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛДЫ

Ресейде 101 жастағы ардагер коронавирусты жеңіп шықты.
«101 жасты алқымдаған Ұлы Отан соғысының ардагері травматологиялық ғылыми зерттеу орталығынан коронавирустан толық түрде айығып шықты»,- деп Ресейлік денсаулық сақтау агенттігі хабарлайды.
Ақпараттарға сүйенсек, қарияның коронавирустан бөлек, жүрек-қан тамырлары ауруы мен асқазан-ішек дертіне шалдыққаны белгілі болды.Індетті толық жеңіп шығу үшін ардагерге күрделі оталарды жасатуға, қауіпті зерттеулерді жүргізуге тура келген.Сонымен бірге ол антибактериалды және антивирусты препараттарды қабылдаған.Қазіргі кезде қарттың жағдайының жақсарғаны да белгілі болды.
Денсаулық сақтау қызметкерлері коронавирусты жеңіп шығу -тікелей иммунды жүйе мен генетикалық ерекшеліктерге байланысты екенін ескертеді.Ал 60 жастан асқан адамдардың иммунитетінің белсенділігі төмендейді.
Самидин Аружан

Related posts

Түркияның теңіздері арқылы саяхатыңыздан ләззат алыңыз

ttjk

Ақпараттық жұмыс уақтылы әрі сапалы жүргізілгенде қоғамда дүрбелең тудырған қоғамдағы түйткілдерді ушықтырмай шешуге болатын еді

editor

Collections of beautiful mosaics: Gaziantep Zeugma Museum

Назия Жоямергенқызы