ХАЛҚЫМА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН

«Мен еліміздің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?»
«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!»
Н.Ә.Назарбаев
Тәуелсіздік-халқымыздың асқақ мұраты,асыл арманы.Осы жолда ата-бабаларымыз қаншама қанын төгіп,арыстарымыз атылып кетті?! Мұның бәрі-тәуелсіздік жолындағы айқас.
Бүгінде еліміз осы арманға қол жеткізді.Тәуелсіз елдің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жаңа астанамыз бой көтеріп,қазақ елін әлем таныды. Білім-ғылымға ерекше көңіл бөлінді.Ана мен баланы үкімет ерекше қамқорлыққа алып келеді. “Zhas Project”сынды бағдарламаларға қолдау көрсетілуде.
«Қазақ халқының мәдениетінің, рухының қаймағы бұзылған жоқ. Тегі — сол тек, ол — «көк бөрі». Қанша дауыл соқсын, үскірік аяз шалсын,қиындықтарды жеңіп, даламен де, қаламен де, жалпы әлеммен бірге үндестікте келе жатыр” деген Намык Кемал Зейбек пікіріне сүйсініп,менде өз ойымды қоспақпын.
Бүгінгі таңда халқымыз өз болмысына бет бұрып, ұлттық салтын қолданып келеді.Елбасының барлық құжат қазақ тіліне ауыссын деген бұйрығы оң нәтиже көрсетуде. Қазір кез-келген жүйе қазақ тілінде жұмыс жасайды.Жастар ата дәстүрге төселіп келеді. Мысалы,сырға салу кезінде қыздар бұрымына шашбау тағып, камзол киіп,үкі тағады.Расымен,неткен әдемі көрініс !
“Иықтан шашы төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге” -деген қазақ халқымыз.Қазақтың қыздары бұрымымен сұлу ғой, шіркін!

Күннен-күнге ұлттық нақыштағы киімдер сататын сауда нүктелері көбеюде.Айталық, -Орал қаласында “Saukele” атты ұлттық киім дүкені ашылды. Бұйымдары қызықтырып,қазақы киімдерді насихаттап тұрады.Қазақтың бұрымды қыздарын,ибалы келіндерін көрнекті оюмен нақышталған кәжекей,камзолдармен көрудің өзі бір ғанибет! Менде өзімді халқымыздың дәстүрін насихаттайтын,салтын ұстанатын,өз тілін құрметтейтін жастардың бірімін деп есептеймін.
Мен өз елімнің болашағын қалай елестетемін және ол үшін не істей аламын? Еліміздің қалалық жерлерінде қызығарлық нәрселер,ұлттық дәстүрді насихаттайтын жерлер өте көп.Алайда,ауылдық жерлерде мұндай жұмыстар атқарылмай жатыр.Сондықтан да мен, елім үшін өз ауылымның кең байтақ даласынан керемет бір “Этно Лагерь” ашқым келеді. Тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі өңірлерді,ауылдарды қолдауға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керектігін анық айтты. Бұл жобаның мақсаты-ауылды көркейту,дәстүрді жаңғырту,сананы ояту.Мұнда мынадай нысандар орын алар еді:1)Ұлттық ойындар(көкпар,асық,арқан тартыс); 2)Шеберлік сабақтары(Атқа міну,киіз үй құру,ою,көрпе тігу); 3)Ұлттық тағамдар; 4)Шешендік өнер (өлең оқу,қойылым қою); 5)Ұлттық өнер (ұлттық аспаптарда ойнау,халық әндерін орындау) Бұл жоспарымның аясында ауыл адамдары да жұмыспен қамтылады. Этно Лагерь жас ұрпақ бойына қазақтың болмысын сіңіруге еңбек етеді.
Әрине,осының барлығын іске асыру үшін,талмай еңбектеніп,білім алу қажет.Сол сусындатар білімді жоғары оқу орнынан алып,білікті журналист болып шығу- арманым. Әйгілі алаш ардақтысы М.Дулатов атамыз айтпақшы,»Қай елдің баспасөзі мықты болса,сол елдің болашағы мықты». Болашақ журналист ретінде менің міндетім- ақпарат құралдарын дұрыс пайдалана отырып,адал қызмет етіп,халқыма өз пайдамды тигізу.Бұдан бөлек,бизнес саласында өзімді көрсетіп,қайырымдылықпен айналысқым келеді. “Армандаған адамға Алла Тағала молынан береді” дейді. Бұйырса,ол да бола жатар!
Ертеңгі еліміздің тірегі-бүгінгі біздер. Арманы асқақ еліміздің мұнан да биік белеске көтеріліп,асыл мұраттарға жетуіне өз үлесімізді аянбай қосамыз!

Тажмуханова Алтынай Сериккалиевна
Облыс,қала:Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы

Related posts

Everything You Need To Know About Cambodia From Jungle Temples

ttjk

Алматыда 660-қа жуық жоба қаржыландырылған

editor

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

editor