ТҮРІК КОФЕСІ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Түркияға барсаңыз, олардың өмірі кофемен қаншалықты тығыз байланысты екенін байқайсыз. Олар кофені қыз айттырғанда, үйлену тойларында, достарымен кездескенде, туған-туыстар жиналғанда, тіпті, ресми кездесулерде ішеді. Мысалы, бір жерге журналист ретінде барғанда бірден: «Не ішесіз? Кофе, шай, су?», — деп сұрайды. Кофе ішкіңіз келсе, «қандай болсын?» дейді. қансыз, орташа қантты және өте қатты қантты деп бөлінеді. Түріктер еліне алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын барғам, соңғы жылдары жұмыс барысымен жылына бірнеше рет сапарлаймын. Өте қою, ащы болатындықтан, бірден қантты өте көп салынғанын таңдаймын)
Бір қызығы, түріктердің «таңғы ас» («kahvaltı») сөзі «кофенің алдында» деген мағынаға келеді екен. Түрік тарихы, салт-дәстүрінде орны ерекше кофені UNESCO 2013 жылы материалдық емес мұралар тізіміне енгізген. Алдымен – Стамбұлда, сосын Еуропаның басқа аймақтарына таралған кофенің маңыздылығын арттыру үшін түрік бауырларымыз: «Бірге ішкен бір шыныаяқ кофенің 40 жылдық естелігі бар» дейді.
Түрік кофесі дегеніміз не? Ол басқа кофелерден несімен ерекшеленеді?
Басты ерекшелігі: өте қатты ұнтақталған кофе. Оны арнайы ыдыста қантпен не қантсыз, көбігі көтерілгенше қайнатады. Көбігі неғұрлым қатты көтерілсе, соғұрлым шебер деген сөз.
Түрік кофесінің қандай түрлері бар?
Menengiç (Мененгич) – әртүрлі кофе бұршақтарынан жасалған. Ол Түркияның оңтүстік-шығысында өсетін Pistacia terebinthus ағашының бұршақтарынан алынады. Мененгич кофесінде басқа кофелер сияқты кофеин мен жеміс дәмі жоқ. Сондықтан жұмсақ. Мұндай кофені Түркиядан басқа жерден таба алмайсыз. Оны балаларым да қатты жақсы көреді. Түркияға барған сайын базарлық ретінде ала келем)
Dibek (Дибек) – түсі сәл ашықтау, дәмі басқаша кофе. Егер кофеханаларға аялдап, бір шыныаяқ кофеині аздау кофе ішкіңіз келсе, Дибекті таңдаңыз.

Mırra (Мырра) – өте қою әрі ащы кофе. Мырра» арабша «ащы» (горький) деген мағына береді. Біз Түркияның Мардин қаласында болғанда губернаторы қазақ журналистерге Мырра ұсынды. Шап-шағын ыдыста ұсынылады екен. Өте ащы әрі қою. Біздің әріптестердің көпшілігі іше алмады. Губернаторы: «Біздің дәстүр бойынша, егер іше алмасаңыздар кофе құйған жігіте қалыңдық тауып бересіз не алтын бересіз», — деп қалжыңдады)
Sütlü Türk Kahvesi (сүтпен түрік кофесі) – қоюлығы мен ащылығын жұмсарту үшін қайнатар кезде сүт қосылады.

Related posts

«ШЕВРОННАН» — 70 МЫҢ РЕСПИРАТОР МАСКА

ttjk

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты

ttjk

ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Назия Жоямергенқызы