ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА

Алматы әкімдігінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерін басын қосып дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (АТЖ) жылдық кезеңін аяқтады. Дінтанушылар мен теологтар, философтар мен саясаттанушылар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері 2019 жылғы атқарылған жұмыстың қорытындысын жасады. Іс-шара барысында топ мүшелері дін саласындағы мемлекет саясатын ақпараттандыру мен түсіндірудің ең өзекті мәселелерін талқылап өтті. Мониторинг және талдау орталығының қызметкерлері топ мүшелерінің тілектерін тыңдап келесі жылғы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарларымен бөлісті.
Іс-шара соңында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есдәулетов Диас Рахметұлы топ мүшелеріне алғыс білдіріп, үздік шыққандарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Related posts

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Назия Жоямергенқызы

Анталияның Финике ауданы Cittaslow тізімінде

ttjk

Афион — музейге бай қала

ttjk