HALYK BANK ҚОСЫМШАСЫНДА — ANDROID СМАРТФОНДАРМЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУ

Бүгін Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Halyk Bank және Visa компаниясы смартфондарға жанасусыз төлемдер қабылдауға арналған төлемді тестілеуді бастады. Қазақстанда алғаш рет ұсынылып отырған Tap to Phone технологиясы шағын және орта сауда-саттық кәсіпорындарда төлемдерді қосымша жабдықсыз смартфондар арқылы төлем жасауға мүмкіндік бермек. Tap to Phone инновациялық жобасы төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге бағытталған. Бұл сервисті Алматы қаласында Halyk Bank серіктестері сынақтан өткізуде.


Visa компаниясы мен Halyk Bank Tap to Phone технологиясын NFC-модулі бар Аndroid базасындағы смартфондарға қосымша жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұтынушылар тауардың құнын Visa жанаусыз картасы арқылы смартфон және тағып жүретін NFC-құрылғылары атап айтқанда, Smart-сағаттар, сақиналар және білезіктердің де көмегімен қауіпсіз, жылдам және оңай төлем жасау алады.


Tap to Phone арқылы төлем жасау үшін Payswiff компаниясы әзірлеген Halyk Pos қосымшасын жүктеп алып, Halyk Bank-пен эквайринг шартын жасауы тиіс. Қосымша 2020 жылы қолжетімді болмақ.
Төлем жасау үшін:
 Halyk Pos қосымшасына кіріп;
 NFC төлем жасау белгісін басу керек;
 Өз смартфоныңызды жанасусы төлем жасау функциясы бар POS-терминалға жақындату керек;
 Төлем жүргізілді.
Visa-ның Орталық Азиядағы бас менеджері Әлия Чыныбаева:«Қазақстанда, ірі қалалардан тыс жерлерде, әсіресе өңірлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау желісі, әлі де дамуы қажет. Бүгінде әрбір 1000 тұрғынына төлем қабылдайтын 10 терминал келеді екен. Әрине, бұл көрсеткіш біздің цифрлы жолға толықтай көшуге жеткіліксіз екенімізді айғақтайды. Tap to Phone технологиясы – бұл Visa-ның озық шешімі. Біздің бағалауымызша ол бізге шағын және орта бизнестегі төлемдерді қабылдау мүмкіндігін арттырады»,-деп атап өтті.
АЛМАБЕК ЕРБОЛАТҰЛЫ

Related posts

ANKARA 16TH “LITTLE LADIES, LITTLE GENTLEMEN” INTERNATIONAL CHILDREN’S THEATRE FESTIVAL

Назия Жоямергенқызы

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

Tokayev Kazakistan’daki Türkiye Büyükelçiliğini ziyaret etti

ttjk