МЕНІҢ АНАМ

Менің анамның аты Гүлзия. Жасы 46-да. Банкте жұмыс істейді. Анам мені 40 жасында дүниеге әкелген.
Менің анам өте жақсы, ол өте мейірімді. Мені қатты еркелетеді. Мен анамды жақсы көремін. Менің анам маған көмектеседі. Мен де анама көмектесемін. Айтқанын тыңдаймын.
Менің анам өте ақылды. Ол үйде ыдыс жуады, тамақ дайындайды, кір жуады, үй жинайды. Бос уақытта біз бірге қыдырамыз. Паркке, ойын-сауық орталықтарына, туысқандарымыздың үйлеріне барамыз. Менің әкем де үй жинайды. Өйткені анам шаршап қалады. Әкем сосын көмектеседі.
Әкем мен анам бір бірімен ұрыспайды. Мен анамды, әкемді, отбасымды қатты жақсы көремін.

Алаш Жоламанұлы, Мұхтар Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің 2″А» сынып оқушысы.

Related posts

«ЕРКІН СӨЗ»-2020 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ttjk

АҢСАҒАН ФРАНЦУЗДАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы

ҚАСИЕТТІ МӘУЛАНАНЫ ЕСКЕ АЛУ САЛТАНАТЫ

ttjk