«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

«Мектепке жол» ауқымды республикалық акциясының аясында көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 600-ге жуық бірінші сынып оқушысым «Халық» қайырымдылық қорының және Halyk Bank-тің көмегімен Білім күнін мектеп жинағы бар сөмкелермен және оқу құралдарымен қарсы алмақ.


Акция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бастамасымен өткізіледі және Halyk Bank әдетте «Халық» қайырымдылық қоры арқылы қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы мектеп жинағын сатып алуға 8,5 млн. теңгеден аса ақша бөлінді.
«Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев: «Мектеп табалдырығын аттау – баланың бүкіл өміріне естелік болып қалатын ұмытылмас оқиға», – деп атап өтті. – Өмірдің осы сәті барынша жарқын, естен кетпейтіндей қызық болып өткені маңызды. Сондықтан Halyk Bank «Халық» қайырымдылық қоры арқылы соңғы төрт жыл ағымында 43,5 млн. теңге бөлумен қатар көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 3,5 мың баланы мектепке дайындады».
Сөмкелерден және керекті кеңсе тауарларынан (дәптерлер, қаламдар, қаламсаптар және т.б.) тұратын Halyk Bankтің және «Халық» қайырымдылық қорының мектеп жинақтары жергілікті атқару органдары мен білім беру басқармалары берген тізімге сәйкес таратылады.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алған күн аралығында бүкіл ел бойынша өткізіледі. Акцияның мақсаты – оқу жылының алдындағы дайындық кезеңінде көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға көмек көрсету.
«Халық» қайырымдылық қоры (Halyk Fund) – Halyk Bank-інің жанынан 2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және білім беру салаларында қоғамдық маңызы бар іс-шараларды және әлеуметтік жобаларды іске асыру, жүйелік деңгейде қайырымдылық және демеушілік қызмет ету үшін құрылды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 95 жылдан аса табысты жұмыс істеп келе жатқан және негізгі көрсеткіштер бойынша елде көш бастап келе жатқан Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең саласын (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Сонымен қатар Банк Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және жақыннан бері Өзбекстанда өз операцияларын жүргізеді. Банк рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor’s – “BB”.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

Related posts

Алланы сүй, Алланың хикметін сез…

ttjk

ТУРЦИЯ: «СЕРТИФИКАТ ЗДОРОВОГО ТУРИЗМА»

ttjk

Республикалық «Жас журналистер байқауы»-2019 жеңімпаздары анықталды

Назия Жоямергенқызы