БҰРСАДАҒЫ САУДА БИРЖАСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Түркітілдес журналистер қорының атынан Бұрсадағы ІІ Спорт және туризм саммитіне қатысқан қазақ журналистер делегациясы Бұрса Сауда биржасында қонақта болып, Бас хатшы Джан Айдоған мырзаға алғыс ретінде шапан жапты.

Бұрса бүгінде трикотаж бен текстильдің отанына айналған. Әсіресе, ерлер мен балалар киімдерін әлемдік нарыққа Бұрсадан экспорттайды.

Бұрса Сауда биржасындағы кездесу барында Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бизнеске бет бұрғысы келетін журналистерге арнайы жоба ұйымдастыру туралы келісім жасады. Алдағы уақытта БАҚ өкілдері үшін арнайы сапар ұйымдастырылады.

Кездесу соңында ДЖАН Айдоған мырза Нәзия Жоямергенқызына жібектен тоқылған түркия мемлекетін құруға сеп болған Мұстафа Кемал Ататүріктің портретін сыйға тартты.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды

ttjk

КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» СЫЙЛАДЫ

ttjk

ҚҰРБЫМ ӘЙГЕРІМ — ӘЙБАТ ҚЫЗ

ttjk