БҰРСАДАҒЫ ADRENALIN PARK

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, қазақ журналистер Түркияның Стамбұл, Бұрса, Гемлик, Гүрсу, Жұмалыкызык сапары ұйымдастырылды.

ІІ Спорт және туризм саммиті шеңберінде Ұлытаудың (Улудағ) етегіне орналасқан ADRENALIN PARK демалыс орнында керемет уақыт өткіздік. Таудан соққан самал жел, саф ауа, толқыған көл… Керемет болды!

ASGD ұйымдастырған ІІ Спорт және туризм саммитіне қатысқан БАҚ өкілдері 15 метр биіктіктен секіріп, көл бетінде 300 метрден астам жерге дейін сырғанады. Катамаранмен серуендеді, квадроциклдармен тауға серуенге шықты.

Негізі мамырдың соңында ашылатын мекенді Гүрсу ауданының әкімі Мұстафа Ышык (Mustafa Işık) журналистер үшін арнайы аштырды. Сол үшін Түркітілдес журналисте қорының атынан алғысымызды айттық. 

 

 

Қазір мұнда 8 үй бар екен. Оған қоса 5 үй салынып жатыр. Әр үйде душ, әжетхана әр үйде бар, парк аумағынан тағы бірнеше үй тұрғызылуда. Жазда жұрт шатырларда жатады екен. Егер үйлерге түскіңіз келсе, 1 ай бұрын тапсырыс беру керек. Өйткені жаз айлары бастала салысымен, мұнда ине шаншар жер қалмайды.

Кейбір демалушылар құратын шатырларын үйден ала келетін көрінеді, ал енді бірі ADRENALIN PARK әкімшілігінен жалға алады. Толық ақпарат үшін www.gursu.bel.tr сайтынан алуға болады.

Нәзия Жоямергенқызы

Related posts

STEM үйреніп, болашаққа ұмтыл!

ttjk

TÜRK DÜNYASI BASINI ONLİNE FORUMDA BULUŞTU

ttjk

ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН MAKECAMP

ttjk