2600 ТОННАЛЫҚ ҚОЙМА АШЫЛДЫ

Алматы облысында алмаға арналған заманауи қойма іске қосылды.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Таусүгір ауылында заманауи жеміс сақтау орны пайда болды. Бұл Alma Green Fields жобасының қарқынды алма бақтарын жасау бойынша екінші кезеңі. 2016 жылдан бастап Халық банкі мен Қазагро мемлекеттік корпорациясы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік схемасы бойынша қаржыландырылды. 2014 жылы Alma Green Fields компаниясы Алматыдан 150 шақырым жерде орналасқан 330 гектар жер телімін сатып алды. Компания 258 гектарға алма бақшасын отырғызса, тағы 20 гектар жерге шие мен қара өрік отырғызды. Мұнда қарқынды және жартылай қарқынды әдістермен 656 мың көшет отырғызылды. Орташа алғанда, бір гектарда 2360 ағаш өседі, жемістердің арасындағы қатардың қашықтығы үш метр, ал ағаштар арасы — 60-80 сантиметрді құрайды. Отырғызылған үш жастағы жеті сұрыпты алма көшеттері 2017 жылы өзінің алғашқы өнімін берді. Осы күзде кәсіпкерлер екінші өнімін жинады. Бір кг алманың сатылым бағасы 180 теңгені құрайды. Компания жеміс-жидекді Қазақстан бойынша сатылымға шығарып, сондай-ақ Ресейге экспортталады.

Жыл сайын қыркүйек — қазан айларында алма нарыққа үлкен көлемде сатылымға шығады. Дегенмен, жыл бойы алмаға деген сұраныс жеткілікті. Жыл бойы супермаркеттерге және жалпы нарыққа алма жеткізіп, қамтамасыз ету үшін оларды дұрыс сақтау қажет. Қарапайым сақтау түрі 3 айға дейін жемісті сақтауға мүмкіндік береді. Заманауи газ арқылы реттеліп отыратын қоймада жемісті сақтау осы мерзімі 8-12 айға дейін ұзартылады. Сақтау камерасындағы алмалар егін жиналған кездегідей шырынды және қытырлақ кезінжәне өзге де барлық пайдалы қасиеттерді сақтайды.

«2600 тоннаға дейін жеміс сақтау орнының бірінші кезегін салуға ақша алу үшін (бүкіл бақтың кірістілігі 12 мың тоннаны құрайды) біз Халық банкке жүгіндік. Банк Қазагроның еншілес компаниясы — Аграрлық несие корпорациясымен бірге біздің өтінімімізді қарастырды. Биылғы жылы біз 2,5 айдадың ішінде егін жинау науқанына  үлгеру үшін гликольді салқындату жүйесін құрдық. Болашақта бақшаны арнайы тормен жабуға, жеміс сақтаудың тағы екі желісін салуды, сондай-ақ сұрыптау, орау және тиеу цехын салуды жоспарлап отырмыз. Біз сондай-ақ шағын өндірісті тікелей шығарылатын жаңа сығылған шырындар өндіретін желіні іске қосқымыз келеді», — дейді Alma Green Fields компаниясының бас директоры Данияр Абдулғарафаров.

«Халық банкі үшін бұл өте маңызды жоба. Құрылтайшы көптеген дайындық жұмыстарын жүргізді, шетелде көптеген зауыттар мен бақтарды аралап, бізге талдау жасады. Бұдан басқа, ол жобаның төрттен бір бөлігін өз қаражатынан қаржыландырды, сондай-ақ көкөніс пен раушанға байланысты бірнеше жобаны жүзеге асырып та үлгерген. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады: бақ, сақтау және күн сәулесінен және бұршақтан қорғау. Алдағы уақытта алматылық алма көршілес нарыққа еніп және Алматы «алманың қаласы» атағын қайта қайтарады деп үміттенеміз, — деді Халық банктің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

«2018 жылдың 10 айында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің қарыз алушылары 174,5 млрд теңгеге қаржыландырды, 2019 жылы бұл сома 315,3 млрд. теңгеге дейін өседі. Біз республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан және Корпорацияның жеке қаражатынан қаржыландырамыз. Қаржыландырудың 13 басым бағыты бар, соның ішінде ет өңдеу, ет және сүт мал шаруашылығы, балық өсіру және қарқынды бағбандық. Барлығы «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша Қазақстанның жеті аймағында 11 бақша мен 12 жеміс-көкөніс қоймасын құруға несие берілді. Жалпы сақтау ауқымы 32,1 мың тонна, бақша алаңы 1996 гектарды құрайды. Біздің мақсатымыз — бізде «экономиканы қуаттаушы» тек мұнай ғана емес, агроөнеркәсіптік кешен де болуы керек», — деді Аграрлық несие корпорациясының төраға орынбасары Гүлмира Ерғалиева.

Related posts

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі тағайындалды

Назия Жоямергенқызы

ХАЛЫҚ БАНКІНЕН — МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 100 МЛН ТЕҢГЕ

ttjk

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ

ttjk