АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАРАПАТЫ

Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген алғашқы компаниялардың құрметіне салтанатты рәсім өтті.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов орталыққа сенім білдірген барлық қатысушыларға алғыс айтып, өңірде қаржы орталығын дамыту жолындағы олардың сүбелі үлесіне баса назар аударды. Келімбетов АХҚО-ның құрылған күнінен бастап соңғы үш жылда қандай жетістіктерге жеткенін айтып берді. Ол жетістіктердің ішінде АХҚО-ның ресми тұсаукесеріне, АХҚО биржасындағы алғашқы сауда-саттықтың іске қосылуына және Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің  (Astana Financial Services Authority) Құнды қағаздар комиссиясы Халықаралық ұйымының қауымдасқан мүшесі мәртебесін  (International Organization of securities Commissions) иеленуіне ерекше тоқталып өтті. «Биылғы жылы біз копманиялар саны 100-ден асады деп күтудеміз, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 250-ге жетуі тиіс. 2020 жылдың соңына дейін біз 500 компанияны тіркеуді жоспарлап отырмыз. Біз мақсатқа жетудің сәл алдындамыз. Бүгінде АХҚО-ға 95 компания тіркелген. Серіктестерге алғысымды білдіре отырып, АХҚО отбасының бір мүшесі  атануымен құттықтағым келеді. Біз Мемлекет басшысының қаржы орталығын құру бастамасына қолдау білдіріп, бірге жұмыс істеуге ниет танытқан компанияларға ризашылығымызды көрсету үшін «100 AIFC Shapers» жүлдесін енгіздік. Бүгінгі шараның басты идеясы — дастархан үстінде бас қосқандарға  АХҚО-ның бір отбасы мүшесі екенін сезіндіру. Алдағы уақытта бұл кездесуді әр алты ай сайын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл сіздердің бизнестеріңіз қалай жұмыс істейтінін, қандай мәселелер туындап жатқанын және біздің тараптан қандай көмек қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді. Біз мұндай диалог орнатылғанына ерекше алғыс айтамыз», — дейді АХҚО басшысы.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

БАЛАЛАРҒА ТЕГІН КӨРКЕМСУРЕТ ҮЙІРМЕСІ

ttjk

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

editor

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры үш қалада семинар-тренинг өткізді

ttjk