Мұстафа Акынжы Солтүстік Кипр Түрік Республикасынын Президенті болды

Акынжы Солтүстік Түрік Республикасының төртінші президенті болды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кеше 2-ші туры өткізілген президент сайлауында тәуелсіз үміткер Мұстафа Акынжы жеңіске жетті.

Дауыстың 60 пайызын алған Акынжы Солтүстік Түрік Республикасының төртінші президенті болды.

Басқа үміткер іс басындағы Мемлекет басшысы Дервиш Ероғлұның дауысы 39,5 пайызда қалды.

Мұстафа Акынжы нәтижелердің жариялануынан кейін Никосияда ұйымдастырылған митингте міндетті тапсырып алысымен Понти әкімшілігімен келіссөздерді бастайтынын білдіріп, «Біріккен Ұлттар Ұйымының да қолдауымен әр екі тараптың да қабылдауға болатын бір келісімді талқылаймыз» деді.

«Түркияның маңызын аңғарған бір саясатшымын» деген Акынжы Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болуды нысаналағанын айтты.

TRT Қазақ

Related posts

БАЛАЛАРҒА ТЕГІН КӨРКЕМСУРЕТ ҮЙІРМЕСІ

ttjk

ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының жобаларын аралады

ttjk

СТАМБҰЛДАҒЫ ТҮРКІ ОШАҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Назия Жоямергенқызы