«Еркін сөз – 2026»: қаржылық сауаттылықты арттыруға үлес қосқан журналистерге құрмет

2026 жылғы 11 қарашада Алматыда Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы Халық банкпен серіктесе отырып, «Еркін сөз – 2026» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.

«Үздік ақпараттық сюжет» аталымы бойынша қаржы тақырыбын түсінікті әрі жан-жақты жеткізіп, халықтың қаржылық сауатын арттыруға үлес қосқан журналистердің еңбегі бағаланады.

Қаржылық сауаттылық — күнделікті өмірге қажет білім. Отбасылық бюджетті жоспарлау, несие шарттарын түсіну, жинақты ұқыпты басқару және күмәнді ұсыныстарды ажырата білу әр адамның саналы шешім қабылдауына көмектеседі. Осы білімді көпшілікке жеткізуде журналистиканың орны ерекше.

Қаржылық алаяқтықтың алдын алу да сапалы ақпараттан басталады. Алаяқтардың тәсілдерін түсіндіретін, жалған уәделердің қаупін ашып көрсететін, деректер мен сарапшылар пікіріне сүйенген материалдар азаматтардың өз қаражатына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Қаржы тақырыбын жазатын журналистің кәсіби шеберлігі — күрделі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіру, ақпаратты мұқият тексеру және оқырман мен көрерменге нақты бағдар беру. Бұл бағытта журналистердің өз білімін үздіксіз жетілдіруі қоғам үшін де маңызды.

«Еркін сөз – 2026» — халықтың қаржылық сауатын арттыруға қызмет ететін сапалы журналистиканы қолдау және осы жолда еңбек етіп жүрген қаламгерлердің кәсіби ізденісін бағалау алаңы.

“Еркін сөз”-2026 байқауына материалдар 2026 ж. 21 қазанға дейін қабылданады. Ережесі: “ЕРКІН СӨЗ”-2026 БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Байқау жеңімпаздары 2026 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында өтетін салтанатты кеште марапатталады.

#ЕркінСөз2026 #ҚаржылықСауаттылық #ҚазақЖурналистикасы #ХалықБанк #halykbank #ТүркітілдесЖурналистерҚоры #халықбанк #halyk #ҚазақстанӘйелЖурналистерКлубы

Related posts

Республика күні Семейде жаңа саябақ ашылды

16 ШІЛДЕ: ЕЛДІК ПЕН ҰЛТШЫЛДЫҚ СЫНАЛҒАН КҮН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

editor