Президент сарбаздардың қазасынан кейін әскери басшылықты қатаң сынға алды

Мемлекет басшысы болған оқиғаға қатаң баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Президенттің сөзінше, сарбаздардың бейбіт уақытта қаза табуына әскери басшылықтағы жауапсыздық пен кәсіби біліксіздік себеп болған.

Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның себептерін ғана емес, оқу-жаттығудың не үшін ұйымдастырылғанын және оның қазіргі қауіп-қатерлерге қаншалықты сәйкес келетінін анықтауды тапсырды.

Тоқаев Қарулы Күштердегі жүйелі мәселелердің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын атап өтіп, Бас штабтың жұмысы, оқу-жаттығуды ұйымдастыру және әскери құрылымдар арасындағы үйлестіру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Президент әскери ведомстводағы салғырттық пен бақылаудың әлсіздігін сынға алып, қайғылы оқиғаға байланысты тиісті қорытынды жасалуы керектігін айтты.

Related posts

Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды

Назия Жоямергенқызы

ТУРИСТИЧЕСКАЯ ВЫСТАВКА В ИЗМИРЕ

ttjk

ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

ttjk