Құрылтайда 8 комитеттің басшылығы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымы сегіз комитет құрып, олардың басшыларын сайлады. Конституцияға сәйкес, Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды.
Депутаттардың шешімімен комитет төрағалары ретінде мына азаматтар бекітілді:
Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова.
Қалған депутаттар аталған комитеттердің құрамына мүше болып кірді. Комитет мүшелерінің толық тізімі Құрылтайдың ресми Telegram арнасында жарияланды.
informburo.kz
