Бүгін, 26 тамызда «Ауыл» және ЖСДП Құрылтайға баратын депутаттардың тізімін бекітті.
«Ауыл» партиясы атынан Құрылтайға 10 депутат барады. Олардың есімін партияның баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми парақшасында жариялады.
«Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімі бекітілді. Шешім 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша қабылданды. Сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды.
Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:
1.Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 2.Байманов Шахмардан Асқарұлы 3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы 4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы 5.Иргибаев Мұрат Саматұлы 6.Каджибекова Ажар Елемесқызы 7. Киян Владимир Сергеевич 8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы 9. Райханова Динара Қуанышқызы 10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы.
Тиісті құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары сақталды. Олардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі – 60%», — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ЖСДП да Құрылтайға баратын депуттарының есімін жария етті.
«ЖСДП Саяси кеңесі Президиумының отырысының қорытындысы бойынша партияның Қазақстан Республикасы Құрылтайында өкілдік ететін кандидаттарының тізімі бірауыздан қолдау тапты.
ЖСДП атынан Құрылтай құрамына келесі сегіз кандидат кіреді:
1. Асхат Рахимжанов 2. Мақсұт Насибулов 3. Нурайнаш Камалова 4. Лариса Ли 5. Аслан Кульмагамбетов 6. Арман Ақылбай 7. Наурыз Сайлаубай 8. Ажар Сагандыкова», — деп жазады партияның баспасөз қызметі ресми сайтында.
kaz.nur.kz
