Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де еліміздің өңірлеріндегі сайлау учаскелері жабылды.

Учаскелер жабылғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кіріседі. Дауыс беру қорытындысын шығару үшін хаттамалар жоғары тұрған сайлау комиссияларына беріледі.

Сонымен қатар шетелдегі жекелеген учаскелерде дауыс беру жергілікті уақытқа сәйкес жалғасып жатыр. Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылған Сан-Францискодағы сайлау учаскесіндегі қазақстандықтар ең соңғы болып дауыс береді.

nur.kz

Related posts

nFactorial жазғы бағдарламалау лагері жұмысын аяқтады

ttjk

ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ 100 БАЛАНЫ ҚУАНТТЫ

Назия Жоямергенқызы

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

ttjk