Алматыда Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

 

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Алматыдағы №91 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол өтіп жатқан саяси оқиғаның маңызын атап өтіп, Алматы тұрғындарын шет қалмай, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Бүгін ерте тұрып, жаттығу жасап, сергек күйде өзімнің сайлау учаскеме келдім. Жүрек қалауыммен дауысымды бердім. Қазіргі сайлау ел өміріндегі маңызды, бетбұрысты әрі тағдыршешті кезең болады деген сезімім бар. Сондықтан баршаңызды бүгін үйде отырмай, өз сайлау учаскелеріңізге келіп, жүрек қалауымен дауыс беруге шақырамын. Елімізді, Қазақстанымызды қолдайық, мемлекетіміз нық қадам басып, оң өзгерістерді бірге сезінейік. Осы сайлаудан кейін еліміз одан әрі гүлденеді деп сенемін», – деді Мұрат Серкебаев.

Related posts

Top 10 Budget-Friendly Vacation Destinations, Including Venice!

ttjk

Көршілерде менингококк өршіп тұр: қазақстандықтарға сақ болу ескертілді

Назия Жоямергенқызы

Айқастың қызметі айрықша

editor