Қазақстанда зейнетақы жинақтарына қатысты жаңа ереже енгізіледі: БЖЗҚ түсіндірмесі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет міндетті зейнетақы жарналары бойынша инфляция деңгейін өтеуді тоқтатады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алдағы өзгерістерді түсіндірді.

2027 жылдан бастап нақты не өзгереді?

Әлеуметтік кодекстің 217-бабына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына тек нақты аударылған сома мөлшерінде кепілдік береді.

Бұған дейін ақша жүйеде болған кезеңдегі жинақталған инфляция алынған инвестициялық кірістен асып кеткен жағдайда, мемлекет айырмашылықты өтеуге міндеттелетін схема қолданыста болған еді.

Зейнетақы активтерін нарықтық басқарудың жаңа жағдайында бюджет есебінен мұндай «инфляциялық қорғаныстың» құқықтық және экономикалық қисыны маңызын жоғалтады, деп атап өтті БЖЗҚ өкілдері.

Себебі неде?

Мемлекеттің инфляцияны өтеуден бас тарту логикасы азаматтардың өз құқықтарының кеңеюімен тікелей байланысты.

2026 жылдың қыркүйегінде салымшыларға өздерінің міндетті зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейінгі бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру құқығын беретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді.

Бұрын қазақстандықтар міндетті жарналарының 50 пайызына дейін ғана жеке компанияларға аудара алатын болса, осы күзден бастап оларға толық таңдау еркіндігі беріледі. Азаматтар өз ақшасын кімге сеніп тапсыруды — оны Ұлттық банктің басқаруында қалдыруды немесе әртүрлі инвестициялық стратегиясы бар (қалыптыдан бастап жоғары кірісті агрессивті стратегияларға дейін) бірнеше ИПБ арасында бөлуді өз бетінше шеше алады.

Азамат инвестициялық стратегия мен жеке басқарушыны өзі таңдайтын жағдайда мемлекет бұдан былай инфляция үшін қаржылық тәуекелдерді көтере алмайды, делінген БЖЗҚ түсіндірмесінде.

Ақша қорғалады

Инфляция деңгейіне берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуы зейнетақы ақшасы қорғаусыз қалады дегенді білдірмейді. Қаржылық жауапкершілік тек мемлекеттік бюджеттен жеке басқарушы компаниялардың мойнына жүктеледі.

ИПБ үшін қатаң заңнамалық бақылау белгіленеді:

  • жеке компаниялар жұмысының тиімділігі арнайы нарықтық бенчмарктер (әлемдік және қазақстандық жетекші агенттіктер, мысалы, MSCIBloomberg және KASE бақылайтын композиттік индекстер) бойынша бағаланады);
  • ИПБ белгіленген ең төменгі кірістілік деңгейіне кепілдік беруге міндетті.
  • егер жеке компанияның инвестициялық кірістілігі нарықтық бенчмарктен төмен болса, ИПБ бұл теріс айырмашылықты өз капиталы есебінен өтеуге міндетті..

Жинақтарды қалай бақылауға болады?

Жүйе көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда (Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес, Үкімет және Ұлттық банк арқылы) қалады, ал БЖЗҚ бірыңғай есепке алу орталығы рөлін атқара береді.

Азаматтарға қаражатты аудару туралы шешім қабылдауды жеңілдету үшін мамандандырылған цифрлық портал іске қосылды. Бұл платформада 24/7 режимінде Ұлттық банк пен барлық жеке ИПБ жұмысының нәтижелерін динамикада салыстыруға, зейнетақы жинақтарын сеніп тапсырмас бұрын олардың кірістілігі мен тәуекелдерін бағалауға болады.

Қазақстандағы зейнетақы реформасы

Маусым басында Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістер туралы айтқан болатын. Кейін зейнетақы реформасы туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Үкімет пен Ұлттық банк тиісті тәсілдерді әзірлеп жатыр.

Tengrinews.kz

Related posts

Түркиядағы қонақ үй өртінен қаза тапқандар саны 76 адамға жетті

editor

Қазақстанның ең қарт тұрғыны – 115 жаста!

Назия Жоямергенқызы

Направление в Стамбул, но далеко от него: Принцевы острова

ttjk