Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының алтынын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында алтын медаль иеленді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында ол италиялық Сирин Шаарабимен жұдырықтасты.

Бұл Назым мен Сирин арасындағы алғашқы кездесу болды. Текетірес үш раундқа созылды.

Жекпе-жек 32 жастағы Қызайбайдың пайдасына төрешілердің 4:1 есебімен қабылдаған шешімімен аяқталды.

Қызайбай үшін бұл World Boxing әлем кубогындағы мансабындағы ірі жетістігінің қайталануы. Былтыр ол Астанада өткен турнирде 48 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын. Қытайдағы биылғы әлем кубогында Назым 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Осылайша, Назым Гуйяндағы World Boxing әлем кубогында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Еске салайық, 32 жастағы Назым Қызайбайдың еншісінде бокстан әлем чемпионаттарының бес медалі бар, оның үшеуі — алтын. Сондай-ақ, ол 2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Қазақстанның бірде-бір өкілі бокстан әлем чемпионатын бұдан көп рет жеңіп көрген емес.

Бұған дейін ол өзінің басты марапаттарын жеңілірек салмақ дәрежелерінде жеңіп алған болатын.

Tengrinews.kz

Related posts

Мемлекет басшысы: Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды

editor

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

ttjk

ЖЕМЧУЖИНА МРАМОРНОГО МОРЯ

ttjk