Тоқаев Иордания Королін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.

Tengrinews.kz

 

 

Related posts

Ақбөкен – Арқа бренді

ttjk

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

editor

Назначен руководитель Департамента государственных доходов по Жамбылской области