Мазмұнға өту

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

Мемлекет басшысының атына Ресей президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Италия президенті Серджо Маттарелла, Сербия президенті Александр Вучич, Молдова президенті Майя Санду, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Словения президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасының президенті Ли Чже Мёң, Мьянма президенті Мин Аун Хлайн, Палестина президенті Махмұд Аббас, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар, еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері Президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Құттықтау хаттары әлі де келіп жатыр.

Tengrinews.kz


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.