Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті.
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
генерал-лейтенант әскери атағы Балтабеков Аңсаған Скендерұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Төлеуов Асхат Қалмағамбетұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлына;
генерал-майор әскери атағы:
- Аманбаев Марғұлан Топашұлына,
- Ботабаев Алтай Уәлиханұлына,
- Мырзахметов Айдос Сәкенұлына,
- Хасенов Жұмабек Хасенұлына;
авиация генерал-майоры әскери атағы Еспағанбетов Тимур Төлегенұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
- Дүйсенов Марат Жақанұлына,
- Үкенов Саламат Хамитұлына;
экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Балғабаев Ерболат Темірболатұлына,
- Жүнісов Арман Оразұлына,
- Остроумов Руслан Игорьевичке;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы Мұқашев Нұрсұлтан Маратұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Кұттықов Руфат Бауыржанұлына,
- Мұхаметжанов Алмаз Оралұлына берілсін.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы бір топ құқық қорғау қызметкерлерін наградамен марапаттаған болатын.
Tengrinews.kz
