Эпштейннің камераласы оның өлім алдындағы хаты туралы айтты – БАҚ

Нью-Йорк түрмесінде қаржыгер Джеффри Эпштейнмен бір камерада отырған адам кәсіпкердің осы уақытқа дейін құпия болып келген өлім алдындағы хатының мазмұны туралы айтып берді. Бұл туралы New York Times газетінде мәлім болды.

Оның камераласы Николас Тартальоне хатты 2019 жылғы шілдеде, Эпштейн мойнына мата байланған күйі ес-түзсіз табылғаннан кейін байқағанын айтты. Эпштейн аман қалғанымен, бірнеше аптадан соң өлі табылды. Сот-медициналық сарапшы оның өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Шілдедегі оқиғадан кейін Эпштейн түрменің басқа бөлігіне ауыстырылып, суицид қаупіне байланысты бақылауға алынды. Тартальоненің айтуынша, шамамен сол уақытта ол камерадан графикалық романның ішіне жасырылған хатты тауып алған. Хатта тергеушілердің Эпштейн ісін бірнеше ай бойы зерттегені, бірақ «ештеңе таппағаны» жазылған.

"Менен не күтесіздер, еңіреп жылағанымды ма? Қоштасатын уақыт келді", – деп камераласы хаттың мазмұнын келтіреді.

Тартальоненің сөзінше, ол Эпштейннің камераласы оған зиян келтірмек болды деген күдік тумау үшін хатты адвокаттарына тапсырған.

Бұрынғы полиция қызметкері Тартальоне 2023 жылы сотталып, қазір төрт мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Ол хат туралы жақында Калифорниядағы федералдық түрмеден берген телефон сұхбаттарында айтқан.

Бұл хат Эпштейннің өліміне қатысты ресми тергеулерде, соның ішінде Әділет министрлігі бас инспекторы басқармасының 2023 жылғы есебінде аталмаған. Газеттің жазуынша, хат Тартальоненің өз қылмыстық ісі аясында федералды судья тарапынан құпияланған және Эпштейн ісін тергеушілерге белгісіз болған.

Related posts

Адамдардың сенімі — айрықша марапат

editor

Жеке куәлік, вакциналау паспорты және басқа да цифрлы құжаттар Halyk Homebank-те қолжетімді

ttjk

Türkiye’s rich cheese culture captivates visitors

Назия Жоямергенқызы