Аңыз-әнші Бибігүл Төлегенова Алматыда өткен референдумға қатысты

Қазақстанның халық артисі, Алматы қаласының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова республикалық референдумға қатысып, таңдау жасады. Дауыс беру рәсімі оның үйінде ұйымдастырылды.

Өнер иесі мемлекет дамуы мен тұрақтылығы көбіне азаматтардың белсенділігіне байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол елге ақ батасын берді.

«Еліміз аман болсын! Жерімізде бейбітшілік орнап, ішкі де, сыртқы да жаудан аман болайық. Мәңгілік елде халқымыз бақытты өмір сүрсін», — деді Бибігүл Төлегенова.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде қазақстандықтар референдумға келіп, дауыс беріп жатыр.

Related posts

Украинада 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін

editor

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдірді

editor

В Семее прошел областной форум «Область Абай – территория без лудомании»