Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді

Қарағанды облысында заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінің 45 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, оның 48, 39 және 32 жастағы үш ауылдасы болған.

Тексеру және мұқият тінту нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Атап айтқанда, жүргізушіден 1,3 келі марихуана табылса, 48 жастағы жолаушыдан қосымша 4 келі марихуана мен 112 грамм гашиш алынды.

Сонымен қатар медициналық сараптама қорытындысына сәйкес көлік ішіндегі барлық төрт азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Related posts

Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды

ttjk

Қазақстан – Орталық Азиядағы ұзақ өмір сүретін ел

Назия Жоямергенқызы

2026 жылы Қазақстан авиациясында қандай жаңа әуежайлар мен бағыттар іске қосылады?

Назия Жоямергенқызы