Мазмұнға өту

Экономиканың нақты секторын қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

Импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ету үшін Үкімет қаржылық қолдаудың жаңа құралдарын қолданады. «Инвестицияға тапсырыс» тетігін енгізу және «Бәйтерек» холдингін 1 трлн теңгеге дейін капиталдандыру жөніндегі жоспарлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторы шамамен 8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі.

Инфляцияға себеп болатын базалық тауарлар тапшылығын жоюды көдейтін Үкімет жергілікті нарықтағы азық-түлік саласында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалды. 2030 жылға дейін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы шамамен $100-120 млрд сомаға өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыру жоспарланған.

«Ішкі нарықты отандық тауарлармен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде инфляциялық қысымның негізгі себептерінің бірі – тұтыну және тұтыну емес сегменттерде отандық өндірістегі бірқатар базалық тауарлардың тапшылығы. Біздің мақсат – ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті төмендету. Экономикалық өсудің проактивті саясаты Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, экономиканы индустрияландыру мен әртараптандырудың негізгі құралына айналады», — деді Серік Жұманғарин.


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6260

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.