Қысқы Олимпиада ойындары: 5 жүлдегер, 8 медаль — ең кейінгі жүлде ел қоржынына 2018 жылы түсті

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова:

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні жалғасуда. Дүбірлі дода 22 ақпанға дейін жалғасады. Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап жатыр.

Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға жолдама алып, шешуші кезеңде өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы могул жарысында үш бірдей отандасымыз іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға шықты. Олар жарысты үздік 20 спортшының қатарында аяқтады.

Конькимен жүгіру спортында Надежда Морозованың алтыншы орны әзірге ұлттық құраманың ең жоғары нәтижелерінің бірі болып тұр.

Михаил Шайдоров та алғашқы Олимпиадасын сенімді бастады. Ол қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орын иеленді. Ертең еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Алда конькимен жүгіру және шорт-трек спортындағы негізгі қашықтықтар бар. Сондай-ақ фристайл-акробатика жарыстары әлі басталған жоқ.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарындағы қысқы Олимпия ойындарында 5 отандасымыз жүлдегер қатарынан көрініп, 8 медаль жеңіп алды. Ел қоржынына әзірге ең кейінгі жүлде 2018 жылы түсті. Сол жылы Юлия Галышева қола медаль иеленген еді.

Туризм және спорт министрлігі Баспасөз қызметі

Related posts

Türkiye, ‘Sağlıklı Turizm Sertifikasyon’ programını başlattı

ttjk

Қазақстан Елшісі Андорраның Тең Князіне сенім грамоталарын тапсырды

editor

Денсаулық сақтау вице-министрі Абай облысындағы медицина саласының жағдайымен танысты