Маңғыстау облысында ЖБО арқылы құқық бұзушылықтар жүйелі түрде анықталуда

Маңғыстау облысында жедел басқару орталықтарына қаңтар айында 30 мыңнан астам хабарлама түсті. Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталықтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңда өңірде 2 жедел басқару орталығы (Ақтау және Жаңаөзен қалаларында), сондай-ақ 5 шағын жедел басқару орталығы (Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу және Қарақия аудандарында) жұмыс істейді.

2026 жылдың қаңтар айында «102»арнасына әртүрлі сипаттағы 30 201 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде Ақтау қаласында – 22 858, Жаңаөзен қаласында – 3 820, Мұнайлы ауданында – 521, Маңғыстау ауданында – 527, Түпқараған ауданында – 850, Қарақия ауданында – 160, Бейнеу ауданында – 1 465 хабарлама тіркелді.

«102» мобильді қосымшасы арқылы 650 хабарлама қабылданды. Оның ішінде «102 ОМН» жүйесі арқылы – 441, EgovMobile арқылы – 129, Kaspi.kz арқылы – 79, HalykBank арқылы – 1 хабарлама түскен. Қоғамдық орындарда орнатылған 25 «SOS» батырмасы арқылы жыл басынан бері шақырту тіркелмеді.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 34 қылмыс ашылып, 5 705 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өңірде жалпы саны 63 595 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 21 898-і жедел басқару орталықтарына қосылған.

«Таргитай» бет-әлпетті тану жүйесінің көмегімен іздеуде жүрген 10 азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Маңғыстау облысы полициясы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Related posts

Жылына 20 мыңнан астам нәресте шала туылады

editor

Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

Назия Жоямергенқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді

Назия Жоямергенқызы