ЖУРНАЛИСТИКА: «КӘСІБИ ШЕКАРА ЖӘНЕ ДЕБРИФИНГ»

Журналистер әртүрлі тағдыры бар адамдармен тілдеседі. Сұхбаттасып, ақпарат таратады. Интервью алады немесе репортаж дайындайды. Қилы тағдыр — қилы оқиға.
Соңғы кездері бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да зорлық-зомбылық көбейіп кетті: әкесін сабаған бала, қызын не ұлын зорлаған әке, жас қызды қорлаған көрші, асқан жауыздықпен өлтірілген жазықсыз жандар…
Әртүрлі зұлымдықтың бәрін журналист көзбен көріп, жан-тәнімен сезінеді. Жүрегіне салмақ түсіп, рухани күйзеліске ұшырайтындар да көп. БАҚ өкілдерінің кәсіби шекарасы қандай? Эмпатия мен эмоциялық арақашықтық туралы не білеміз?
Журналист респонденттің қайғысына ортақтаса отырып, өзін рухани күйзелістен қалай сақтауы керек? Кәсіби рөлді анықтаудың маңызы қандай? Сұхбат кезінде «бақылаушы» позициясын сақтау техникасын меңгерудің шарты бар ма? Интервью аяқталғаннан кейін эмоцияларды қалай шығару керек?
Түркітілдес журналистер қорының 2026 ж. 17 қаңтарында «Kaussar» қолдау орталығымен бірігіп өткізетін «Кәсіби шекара және дебрифинг» тақырыбындағы семинар-тренингінде осы және басқа да маңызды мәселелер айтылады.
Семинар-тренинг Түркітілдес журналистер қорының Алматыдағы Бас кеңсесінде болады.
Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

ТУРИСТЕРДІ СЫЙМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің кезекті отырысы

ttjk

Кайманға құйылған қаржы немесе Қазақстан қай елдерге инвестиция салып жатыр?

ttjk