Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өткен жылдың қорытындылары мен алдағы міндеттерге тоқталды.

2025 – ел үшін табысты жыл

Мемлекет басшысы халықты жаңа жыл табалдырығында құттықтап, елдің даму жолындағы маңызды белестерді атап өтті. Президенттің айтуынша, 2025 жыл Қазақстан үшін нәтижелі әрі берекелі жыл болды.

Жаһандық ахуал күрделі болғанына қарамастан, ұлттық экономика өсім көрсетіп, жалпы ішкі өнім 6 пайызданасты. Алтын-валюта қоры 62 миллиард доллардан жоғары деңгейге жетті. Елге ірі көлемде инвестиция тартылып, көптеген маңызды жобалар іске асырылды. Соның ішінде «Достық – Мойынты» теміржол желісініңекінші бағыты пайдалануға беріліп, соңғы жылдардағы ең ауқымды теміржол құрылысы жүзеге асты.

Сонымен бірге 13 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөнделіп, елдің транзиттік әлеуеті едәуір күшейді. Ауыл шаруашылығында да жоғары нәтижелерге қол жеткізіліп, диқан қауымы екінші жыл қатарынан мол өнім жинады. Бұл салаға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған 1 триллион теңге көлемінде қолдаукөрсетілді.

Биыл елде 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік салада жүзден астам мектеп пен екі жүзге жуық медициналық мекеме ашылды. Шетелдің жетекші университеттерінің филиалдары ел аумағында жұмысын бастады.

Президент сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайту, заң үстемдігін орнату бағытында маңызды қадамдар жасалғанын атап өтті.

Алдағы жылға үміт зор

Тоқаев барша жетістіктер халықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларындағы табыстар Қазақстанның беделін халықаралық деңгейде арттырды. Оқушылар халықаралық олимпиадаларда топ жарса, спортшылар әлемдік ареналарда ел намысын қорғады.

Мемлекет ұстаздар мен дәрігерлерге, мәдениет пен ғылым қайраткерлеріне қолдау көрсетуді ұзақ мерзімді саясат ретінде жалғастыратынын жеткізді. Президент адал еңбектің қадірін білетін қоғам ғана жарқын болашақ құра алатынын атап өтті.

Елдік мақсат – Әділетті және қуатты Қазақстан

Президент ел болып Әділетті, Қауіпсіз, Күшті, Таза және Озық Қазақстанды бірге құрып жатқанымызды айтты. 2026 жыл – жылқы жылы халқымыз үшін жақсылықтың, берекенің белгісі екенін атап өтіп, алдағы жылға үлкен үміт артты.

«Таза Қазақстан» жобасын жалпыхалықтық бастамаға айналдыру, елді мекендерді көркейту – Тәуелсіздіктің 35 жылдығына тарту болмақ.

Жастарға арнау

Президент жастар мен балаларға арнайы үндеу жолдап, қазіргі кезең – жаңа мүмкіндіктер дәуірі екенін айтты. Әр азамат өз күшіне сеніп, білімді, еңбекқор әрі тәртіпті болуы қажет екенін жеткізді.

Қорытынды құттықтау

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық пен мол табыс тілеп, ел бірлігі мен тыныштығының нығаюын тіледі.

Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын!

Related posts

Аттракционнан әйел мен бала зардап шекті

editor

Travel Tips | Indian Customs To Know Before Visiting India

ttjk

The future of Cycling Tourism was decided in 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference

Назия Жоямергенқызы