«Газ-ауа қоспасы жарылды»: Кентаудағы дәмханада шыққан өрт бір адамның өмірін қиды

Түркістан облысының Кентау қаласында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында орын алған өрт қайғылы жағдайға әкелді. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам түрлі жарақат алды.

ТЖД ақпаратынша, апат өткен түнде болған. Көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмханада газ бен ауаның қоспасы жарылып, артынша өрт тұтанған.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде ауыздықталды.

Қайғылы оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, ал төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауапты құрылымдармен шұғыл кеңес өткізді. Қазіргі уақытта арнайы жедел штаб құрылып, жағдай облыс басшысының тікелей бақылауына алынған.

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу шаралары басталды.

Фото: Nur.kz

Related posts

Түркістан түрмесінде бүлік шықты

editor

Балаңыз ақша жинай ала ма?

editor

Неге 20 жастағылар үшін жеткілікті шек 6 миллион теңге? БЖЗҚ түсіндірді

Назия Жоямергенқызы